Фото: РИА Новости / РФ СІМ
23-24 қазан күндері Қазан қаласында БРИКС саммиті өтеді. Бізге белгілі болғандай, аталған құрылымға төрағалық етіп отырған Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты форумға қонақ ретінде шақырған.
ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында мемлекет басшысы 24 қазан күні кеңейтілген құрамда өтетін жиында сөз сөйлейтіндіген айта келіп, «президентке Қазақстанның БРИКС құрылымына кіру мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныстар түсті. Халықаралық қауымдастықтың жауапты және беделді мүшесі ретінде біздің елімізге мұндай ұсыныстың түсуі қалыпты дүние. Еліміз құрылымға мүше болуға және осы бірлестіктің даму перспективаларына қатысты басқа да мәселелерді қараудың көп сатылы процесін ескере отырып, қазір және жақын болашақта БРИКС-ке мүше болуға өтініш беруден қалыс қалады», деген Берік Уәли Қазақстанның казірге ұйымға мүше болуға асықпайтындығын айтып өтті.