04 ақп, 2021 сағат 14:48

Brent мұнайының құны 2020 жылдың қаңтарынан бері алғаш рет 59 доллардан асты

ІСЕ Интерконтиненталдық биржасында өткен саудада Brent маркалы мұнайының бір баррелінің бағасы 2020 жылдың 21 қаңтарынан бері алғаш рет 59 доллардан асты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ІСЕ Интерконтиненталдық биржасында өткен сауда мәліметтеріне сәйкес, Brent маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстерінің бағасы 0,99 % артып, бір баррельінің құны 59,04 долларды құраған. Бұл 2020 жылдың 21 қаңтарынан бері ең жоғары көрсеткіш. Марканың сәуірдегі фьючерстері бір баррель үшін 58,86 долларға саудалануда, бұл алдыңғы сессияға қарағанда 0,8 пайызға көп. 

WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстерінің бағасы бір барраль үшін 0,8 пайызға өсіп, 56 долларды құраған.