08 қаң, 2021 сағат 15:32

Brent мұнайының бағасы 55 доллардан асты

Лондонның ICE биржасындағы Brent маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерс бағасы мұның алдындағы сауданы жабу деңгейімен салыстырғанда 1,21%-ға өсіп, барреліне 55,04 долларға жетті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Brent маркалы мұнай бағасы 2020 жылдың 25 ақпанынан бері алғаш рет барреліне 55 доллардан асты.