14 ақп, 2022 сағат 10:23

Brent мұнайының бағасы 2014 жылдан бері алғаш рет $96 асты


2022 жылдың сәуірінде жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерсінің құны лондондық ICE биржасында 1,73%-ға өсіп, баррелі 96,07 долларға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дүйсенбі сағат 04:04-тегі (Мәскеу уақытымен) сауда алаңындағы деректер дәлел.

Соңғы рет Brent маркалы мұнай бағасы 2014 жылдың қазанында барреліне 96 доллардан асқан.

Мәскеу уақытымен 04:08-де Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 95,83 доллар (+1,47%) болған. WTI-дегі фьючерс 1,62%-ға қымбаттап, барреліне 94,61 доллар болды.