#
#
Дүйсенбі 06/07/2020

Brent маркалы мұнай баррелінің құны 40 доллардан асты

  • 03.06.2020
  • 0
  • 197

Brent маркалы мұнай бағасы 6 наурыздан бері алғаш рет 40 доллардан асты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 07.30-дағы жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасына тамыз фьючерстерінің бағасы 5,324 пайызға, яғни барреліне 40,36 долларға дейін өсті. WTI маркалы мұнайға шілдедегі фьючерстердің бағасы барреліне 6,85 пайызға, яғни 37,87 долларға дейін көбейді.

Еске сала кетейік, наурыз айында ОПЕК+ елдері мұнай өндіруді қысқарту туралы келісімнің параметрлерін өзгерту туралы да, оны ұзарту туралы да бір келісімге келе алмаған болатын. Нәтижесінде 1 сәуірден бастап бұрынғы альянсқа қатысушы елдерде мұнай өндіруге деген шектеу алынып тасталды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар