07 жел, 2021 сағат 11:15

Brent маркалы мұнай бағасы 5,3% қымбаттады


ICE құрлықаралық биржа сауда-саттығында Brent маркалы мұнай бағасы 5,3%-ға өсіп, бір баррелінің құны 73,6 АҚШ долларына жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауда-саттық деректеріне сәйкес, Brent маркалы мұнай фьючерсінің бағасы 5,3%-ға артып, қазіргі уақытта барреьліне 73,6 долларды құрады. 

Сондай-ақ WTI маркалы мұнай фьючерсінің бағасы 5,8%-ға өсіп, барреліне 70,16 АҚШ долларын құрады.