Brent маркалы мұнайдың баррелінің бағасы 2020 жылдан бері алғаш рет $68-дан жоғары көтерілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ресейлік ТАСС агентігіне сілтеме жасап.
Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың мамыр фьючерстерінің бағасы 1,89% - ға өсіп, барреліне 68 долларға жетті.
Соңғы рет Brent бағасы 2020 жылдың қаңтарында барреліне 68 долларға жеткен болатын.