23 мау, 2020 сағат 22:03

Бразилияның атақты футболшысы «Қайратқа» келді

Атақты бразилиялық футболшы Вгнер Лав «Қайрат» футбол клубына ауысты. Бұл туралы футболшының өзі әлеуметтік желіде айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

35 жастағы Вагнер Лав жақында бразилиялық «Коринтианс» командасымен келісім-шартын бұзған еді. Ол Алматының «Қайратына» келгені туралы «Инстаграм» парақшасында хабарлады.

Атақты шабуылшы спорттық мансабында «Палмейрас», ЦСКА, «Фламенго», «Шаньдун Лунэн», «Коринтианс», «Монако», «Аланьяспор» және «Бешикташ» сынды танымал командаларда ойнаған. Бразилия құрамасы сапында 20 матч өткізіп, төрт гол соқты. 

2007 жылы ол Бразилия құрамасының Копа Америкадағы әр матчында ойнады. 

Финалда ол қорғаушы Дани Алвестің гол соғуына мүмкіндік жасады. Осылайша, Бразилия Лавтың арқасында жеңіске жетті.