06 шіл, 2021 сағат 18:22

Бразилиялық шабуылшы «Ордабасыдан» «Қайратқа» ауысты


Бразилиялық шабуылшы Жоао Пауло «Ордабасыдан» ел чемпионы «Қайратқа» ауысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қайрат» футбол клубы мәлім еткендей, ойыншымен 1,5 жылға келісімшартқа қол қойылды. 

Жоао Пауло да Силва Араужо 1988 жылы 2 маусымда Бразилияның Натал қаласында дүниеге келген. АБС футбол клубының түлегі.

Кәсіби жолын 2007 жылы бастап, Бразилия, Оңтүстік Корея және Болгарияның түрлі клубтарында доп тепті. 2019 жылдан бері шымкенттік «Ордабасыда» өнер көрсетіп келді.

Барлығы 314 матчта 101 гол соғып, 38 нәтижелі пас берді. Соның ішінде «Ордабасы» сапында 72 ойында 35 гол, 15 нәтижелі пастың авторы атанды, Биылғы маусымда шымкенттік команда құрамында 14 кездесуде алаңға шығып, қарсыластар қақпасына 8 гол соқты, үш рет нәтижелі пас берді.