Бразилияның Порту-Насиунал қаласының маңында «Пальмас» бразилиялық төртінші дивизионның футболшылары мінген ұшақ апатқа ұшырап, 6 адам мерт болды. Бұл туралы осы елдің бас телеарнасы Globo хабарлады.
Апат орнында түсірілген видеоны Twitter әлеуметтік желісінің қолданушылары жүктеген. Онда ұшақтық екіге бөлініп, кейін өртенгенін көруге болады.
Ұшақ бортында «Пальмас» бразилиялық төртінші дивизионының 4 футболшысы, сондай-ақ клуб президенті Лукас Мейра және ұшқыш болған.
Ұшақ ұшу-қону жолағына жақын маңға әуеге көтеріле бере құлаған.
Қайтыс болғандар: қақпашы — Рануле (27 жас); қорғаушылар — Лукас Пракседес (28 жас), Гильерме Ноэ (28 лет); жартылай қорғаушы — Маркус Молинари (23 жас), клуб президенті — Лукас Мейра (32 жас).