Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.
«Төртінші мұнай өңдеу зауыты әзірше салынбайды. Неге? Себебі, «ҚазМұнайГаз» екі әлемдік компанияны тартты. Энергетика министрлігі басқарып отырған жұмыс тобының жетекшілігімен бізге жүргізілген модернизацияның арқасында нақты 2026-2027 жылға дейін жақсы қор бар екені жөнінде есеп берді. Егер, біз коммуналдық көлік пен басқа да көлік түрлерін газдандырсақ, онда бұл бізге дизель отыны бойынша 400-500 мың тоннаға дейін үнемдеу береді. 2030 жылға дейін ішкі нарыққа арналған жаңа қуаттылықтар қажет болмайды», - деді Бозымбаев.
Энергетика министрі барлық жағдай елдегі экономика өсіміне байланысты болатынын жоққа шығармады.
«Біз белгілі бір тұтыну деңгейі есебінен қатаң бақылау жүргізетін боламыз. Ішкі нарықта негізгі мұнай өнімдерін тұтыну 10,5 млн тоннаға жеткен уақытта жаңа мұнай өңдеуші зауыт құрылысы жайында сөз қозғауға болады. Алайда, кемінде бес жыл уақыт қажет екенін де ескеру керек. Сол себепті, төртінші мұнай өңдеуші зауыт туралы әзірше шешім жоқ», - деп түйіндеді министр.
Сонымен қатар, Бозымбаев 2018 жылы еліміздегі газ өндірісі өскенін, алдағы жылдары Қарашығанаққа 5 млрд доллар инвестиция тартылатынын және биыл елді мекендерді газдандыру бойынша қанша жоба іске асырылғанын айтқан болатын.