08 ақп, 2019 сағат 15:01

Бозымбаев: Нарықты толық отандық мұнай өнімдерімен қамтамасыз етеміз

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында Қазақстандағы жанар-жағармай саласындағы ахуал туралы баяндады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

2017 жылмен салыстырғанда мұнайды қайта өңдеу көлемі 8,6 пайызға артып, 16,4 млн тоннаны құрады. Ағымдағы жылы 17,2 млн тонна мұнай өңдеу жоспарланған, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 5 пайызға көп. Мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру көлемі 2018 жылы 2017 жылға қарағанда 9,4 пайызға артты. Ағымдағы жылғы жоспар - 2018 жылғы деңгейден 5 пайыздық өсіммен 12,2 млн тонна болды”, - деді Бозымбаев. 

2018 нарықты отандық мұнай өнімдерімен қамту келісідей көрсеткішке жеткен: бензин – 93,2%, дизель отыны – 91,1%, әуе керосині – 62%. 

“Биыл нарықты отандық бензин, дизель отыны, әуе керосинімен 100% қамтамасыз етеміз. Алғашқы жарты жылдықта мұнай өнімдерін Орталық Азия елдеріне экспорттауды жоспарлап отырмыз. Заңнамалық база аяқталу сатысында”, - деді министр. 

Ол вице-министр Болат Ақшолақовқа заңнамаға өзгерістер енгізу мен келісімдерді ратификациялау мәселелерін қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Министр бензин бағасының төмендегенін де атап өтті. 

"2018 жылдың басынан Аи-92 маркалы бензиннің бөлшек бағасының 4% төмендеуі байқалады. Биыл ақпан айында Алматы қаласында Аи-92 маркасының ең төменгі бағасы 139 теңгені құрады", - деді Энергетика министрлігінің басшысы.