Қайта өркендеу дәуірінің өкілі, флорентиялық суретші Сандро Боттичеллидің «Медальон ұстаған жігіт» картинасы Нью-Йорк қаласында өткен аукционда 92 млн долларға сатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sotheby's аукцион үйінің сайтына сілтеме жасап.
Бұл - суретшінің саудаға шығарылған үздік жұмыстарының бірі. Сатып алған адамның есімі аталмайды.
Картина 1470-1480 жылдары салынған. Бір кездері ол Уэльстің (Ұлыбритания) ақсүйектер әулетіне тиесілі болды. Кейінгі рет сурет 1982 жылғы аукционда 1,3 млн-ға сатып алынған болатын.
«Медальон ұстаған жігіт» Лондондағы ұлттық галерея, Нью-Йорктегі Метрополитен өнер мұражайы сынды әлемдік мұражай-галереяларға қойылған еді.