24 ақп, 2023 сағат 16:21

Борис Джонсон НАТО-ны басқаруы мүмкін

Фото: nato.int

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсон НАТО бас хатшысы лауазымына үміткер болатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол украиналық "Рада" телеарнасының эфирінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Журналист Джонсоннан НАТО-ны басқару жоспары бар ма екенін сұрады.

"НАТО-ны басқару? Керемет ой. Өте сәтті. Қымбатты достар, мұндай жоспар бар екенін баса айтқым келеді және резервте мұндай үміткер бар екенін ешкім ұмытпасын. Бұл жолы жолым болады деп ойлаймын", - деп жауап берді Джонсон.