07 қаз, 2016 сағат 09:21

«Болашақ» түлегi қатерлi iсiктi анықтау әдiсiн ойлап тапты – Г.Әбдiқалықова

«Болашақ» түлегi қатерлi iсiк пен туберкулездi бастапқы кезеңде анықтау әдiсiн ойлап тапты. Бұл туралы ҚР Мемлекеттiк хатшысы Гүлшара Әбдiқалықова BARSEF – «Болашақ» бадарламасының III халықаралық конференциясында айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Baq.kz порталына сілтеме жасап.

«Болашақ» жобасы – болашақ басқарушылар мен әлемдiк деңгейдегi мамандарды дайындауға құйылатын президенттiк инвестиция. Бағдарлама бекiтiлгеннен бастап 15 мыңнан астам стипендия берiлiп, 8,5 мыңнан астам маман даярланды. Бағдарламаның арқасында жылдан-жылға жоғары бiлiктi мамандар қатары артып, елдiң еңбек және ғылыми әлеуетi нығаюда. Олар қазақстандық ғылым мен экономиканы дамытуға үлкен үлес қосып келедi», - деді Г.Әбдіқалықова.

Мемлекеттiк хатшы «Болашақ» студенттерi ауыл шаруашылығы, медицина, өнер саласында жаңалықтар ашқанын атап өттi.

«АҚШ-та докторантураны бiтiрген, қазiр Назарбаев Университетiнде ғылыми қызметкер болып жұмыс iстейтiн Дамира Қанаева қатерлi iсiк пен туберкулез диагнозын бастапқы кезеңде дәл анықтауға мүмкiндiк беретiн оптикалық биосенсор ойлап тапқан. Бұл әдiспен ауру бiрнеше сағатта анықталады. Ал Германияның университеттiк клиникасында бiлiм алып, ординатурасында оқыған балалар кардиохирургi Дмитрий Горбунов жүрек ақауы бар балаларға 2 мыңнан астам күрделi ота жасаған», - деп толықтырды мемлекеттiк хатшы.