"Болашақ" стипендиясын тағайындау ережелеріне өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ға сілтеме жасап.
Үкіметтің 1 қазандағы жарлығымен "Өз бетінше түсу" категориясы бойынша "Болашақ" бағдарламасы арқылы оқуға қабылдануға үміткерлердің екі жылдық еңбек өтілінің болу талабы алып тасталды. Құжат 4 қазанда күшіне енді.
Сонымен бірге, аталған жарлықпен үміткерлердің барлық санатына академиялық білім алу нәтижесі бойынша үздіксіз бес жылдық және үш жылдық еңбек қызметін атқару немесе "Болашақ" стипендиясының шеңберінде шетелде тағылымдамадан өту мүмкіндіктерді кеңейтілді:
өз бетінше түскендерге - Қазақстан Республикасының ұйымдарында немесе қатысу үлесі Қазақстан Республикасына немесе ұлттық компанияларға тиесілі Қазақстан аумағынан тыс ұйымдарда;
ғылыми-педагогикалық, инженерлі-техникалық қызметкерлер, тағылымдама үміткерлері, мәдени қызметкерлер, шығармашылық және бұқаралық ақпарат құралдарынының редакциясы қызметкелері үшін - саланың өзге ұйымдарындағы немесе бағыттаушы ұйымның негізгі қызметімен үйлесетін қызмет атқарушы ұйымдардағы;
Республикалық комиссия шешімі бойынша, Қазақстан Республикасының ұйымдарында, сондай-ақ жарғылық капиталдағы ұлесі немесе акциялары Қазақстан Республикасына немесе ұлттық компанияларға тиесілі республика аумағынан тыс орналасқан ұйымдарда орын болған жағдайда мемлекеттік қызметкерлер үшін.