25 сәу, 2021 сағат 19:54

Бокстан Қазақстан ерлер командасы Сербиядағы турнирді сәтті бастады


Сербияның Белград қаласында бокстан халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан құрамасының мүшесі Ермахан Жақпеков жарысты жеңіспен бастады. 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол кипрлік Андреса Коккиносаны ұтты. Сонымен қатар, келесі айналымға Нұрқанат Рейс те өтті. Ол жергілікті боксшы Рами Киваннан басым түсті. 

69 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шыққан Абылайхан Жүсіпов шотландиялық Тайлер Джоллиді ұтып, жарысты келесі айналымда жалғастырады. Ертуған Зейнуллинов командаластарының жеңісті жолын жалғастыруда. 63 келіге дейінгі салмақта ол ресейлік Ян Штокаленкодан айласын асырып, келесі кезеңге жолдама алды. Сондай-ақ, 81 келіде қазақстандық Нұрбек Оралбай сербиялық Слободан Йовановичты ұтып, келесі айналымда жұдырықтасуға мүмкіндік алды. Өкінішке қарай, 57 келіде айқасқан Серік Теміржанов қарсыласына жол беріп, жарыстан шығып қалды.