04 қаз, 2022 сағат 14:20

Бокстан Қазақстан әйелдер командасында кезекті дау туды


Бокстан жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Надежда Рябец әділеттікті талап ететінін айтып, желіде жазба қалдырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

“Әділдікті талап етемін. Мен еліміздің намысын бірнеше рет қорғаған спортшы, Әлем, Азия чемпионымын, жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері, Токиодағы Олимпиада ойындарының жалғыз қатысушысы ретінде сіздермен бокстан Қазақстан Республикасының әйелдер құрамасындағы әділетсіздікпен бөліскім келеді.

Біздің құрамада спорттық принциптер жоқ. Жақында Иорданиядағы әйелдер арасындағы бокстан Азия чемпионаты басталады. Құрам әлі жасақталмады. Бүкіл Құрама бас бапкердің ниеті мен қалауы туралы хабардар. Алдағы жиындарда үздіктерді анықтайтын спаррингтер өткізілмеген. Чемпионатқа қатыстырылып жатқан кейбір спортшылар жиындарға мүлдем қатыспайды.

Бейнежазбада менің 66 келі салмақта Азия чемпионатында өнер көрсететін Мадина Нұршаевамен жұдырықтасқаным көрсетілген.

Оның дұрыс дайындығы болмаса, жарысқа неге аттанады деп ойлайсыздар? Жауап айқын: ол – бас бапкердің шәкірті.

Бас жаттықтырушының жеке амбициясы ұлттық мүдделерден жоғары.Мен үндемей отыра алмаймын. Бұл бейберекетсіздік ерте ме, кеш пе тоқтау керек. Ұлттық құрамада тәртіп орнататын адам болады деп сенемін. Күш шындықта!», - деп жазды спортшы.