30 там, 2018 сағат 12:14

Бокстан Грозный турнирі: Левит қарсылас шақ келтірмеді

Қазақстандық боксшы Василий Левит Шешенстан Республикасының астанасы Грозныйда өткен халықаралық турнирде чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанайлық боксшы 91 келі салмақта күш сынасты. Бірінші жекпе-жегінде ресейлік Назарбек Шамиловты ұтты. Мұнан соң ол ринг иесі Сайхан Бакаевтан басым түсіп, финалға шықты.

«Алтын» үшін таласта Левитке ресейлік Шамиль Мансуров қарсы тұрды. Алайда, тәжірибелі қазақстандық қарсыласын небәрі екінші раундта нокдуанға жіберді. Кездесу Василий Левиттің пайдасына шешілді. 

«Грозныйда Ахмат-Хаджи Кадыровтың құрметіне арналған халықаралық бокс турнирі аяқталды. Мен үш кездесу өткізіп, қуанышыма орай, барлығында жеңіске жеттім. Құттықтауларыңыз бен қолдауларыңыз үшін рахмет», - деп жазды боксшы Instagram-дағы парақшасында.