20 мам, 2022 сағат 15:22

Бокстан ӘЧ: қазақстандық жүлдегерлер қанша сыйақы алды?

©instagram.com/boxingkazakhstan/

Қазақстан әйелдер құрамасының спортшылары Стамбулдағы әлем чемпионатындағы жетістіктеріне байланысты сыйақы алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркиядағы турнирде қазақстандықтар бес медаль жеңіп алды: күміс (Алуа Балқыбекова - 48 келіге дейін) және төрт қола жүлде (Жайна Шекербекова - 52 келіге дейін, Дина Жоламан - 54 келіге дейін, Карина Ибрагимова - 57 келіге дейін және Валентина Хальзова - 70 келіге дейін).

Қазақстан бокс федерациясы (ҚҚБ) Балқыбековаға 30 мың доллар (шамамен, 13 миллион теңге), ал Шекербекова, Жоламан, Ибрагимова және Хальзоваға 10 мың доллар (4,3 миллион) берді.

Сонымен қатар, 2022 жылғы әлем чемпионатының жүлдегерлерін Халықаралық бокс федерациясы (IBA) да марапаттайды.