13 қар, 2022 сағат 01:37

Бокстан АЧ: Еліміздің ерлер құрамасы медальдар кестесінде екінші орын алды


Иордания астанасы Амман қаласында өткен бокстан Азия чемпионатында еліміздің ерлер құрамасы медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құрлықтық додада қазақстандық боксшылар 3 алтын, 6 күміс, 3 қола медаль алды.

Медальдар кестесінде Өзбекстан 5 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен көш бастап тұр. Үздікті үштікті 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен Иордания құрамасы түйіндеді.

Медальдар кестесінде құрамалардың орналасуы төмендегідей:

1. Өзбекстан - 5-2-3

2. Қазақстан - 3-6-3

3. Иордания - 2-2-1

4. Таиланд - 2-0-0

5. Филиппин - 1-0-0

6. Үндістан - 0-1-4

6. Моңғолия - 0-1-4

8. Жапония - 0-1-1

9. Қырғызстан - 0-0-4

10. Иран - 0-0-2

10. Тәжікстан - 0-0-2

12. Пәкістан - 0-0-1

12. Тайвань - 0-0-1

Еске салсақ, ел құрамасынан Санжар Тәшкенбай (48 келі), Асланбек Шымбергенов, Айбек Оралбай (92 келі) чемпион атанды.

Ал Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) күміс медальді қанағат тұтты.

Сондай-ақ, Саматәли Төлтаев (60 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Сағындық Тоғамбай (86 келі) қола жүлдеге ие болды.