16 мам, 2022 сағат 17:58

Бокстан ӘЧ: Алуа Балқыбекова жартылай финалға жолдама алды


Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жеңіл салмақта (48 кг) жұдырықтасқан ол үндістандық Ниту Нитуды айқын басымдықпен жеңді. Нәтижесінде, бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. 

Айта кетерлігі, оның жартылай финалдағы қарсыласы болгариялық Севдо Асенова болмақ.

Стамбұлда өтіп жатқан әлем біріншілігі 20 мамырға дейін созылады.