07 нау, 2021 сағат 08:28

Боксшы Сабырхан Махмұд халықаралық турнир жеңімпазы атанды

Испанияда бокстан «Boxam» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

52 келіде шаршы алаңға шыққан қазақстандық Сабырхан Махмұд жарыс жеңімпазы атанды. Ол финалда испаниялық Габриел Эскобарды ұтты. 

Ал 91 келіде жұдырықтасқан Василий Левит күміспен күптелді. Ақтық финалда Испания өкілі Эммануэль Рейес Плаға есе жіберді. 

Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасы аталған жарысты 1 алтын, 1 күміс және 4 қола жүлдемен аяқтады.