12 қар, 2022 сағат 18:18

Бокс: Махмуд Сабырхан - Азия чемпионатының күміс жүлдегері


Отандасымыз Махмуд Сабырхан Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында күміс медальді қанағат тұтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Құрлықтық додада 54 келіде бақ сынаған Махмуд финалда филиппиндік Карло Пааламнан жеңілді. Осылайша, "Қазақтың Ломаченкосы" атанған былғары қолғап шебері Азия чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды.


Айта кетейік, бұдан бұрын ел құрамасынан Санжар Тәшкенбай (48 келі) жапониялық Аратаке Кадзумадан басым түсіп, Азия чемпионы атанған еді.

Ал Сәкен Бибосынов (51 келі) өзбекстандық Хасанбой Дусматовтан жеңіліп, екінші орынға тұрақтады.

Сондай-ақ, Серік Теміржанов (57 кг) өзбекстандық Абдумалик Халоковқа есе жіберіп, күмісті місе тұтты.