06 мам, 2024 сағат 18:00

Бокс: Қазақстан Азия чемпионатында алғашқы алтынын жеңіп алды


Фото: Бокс федерациясы


Бокстан Астанада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медаліне қол жеткізді, деп хабарлайды Бокс федерациясы.


54 келіде өнер көрсететін Аяжан Сыдық финалда үндістандық Таманнаны төрешілер шешімімен 4:1 есебімен жеңіп, Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.


Ал оған дейін 52 келі салмақта Бағжан Отынбай турнирдің күміс жүлдегері атанған еді.


Бүгін, Астанада бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының алғашқы финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр. Жастар арасындағы турнирге қатысушылар алтын медальдарды сарапқа салады. Жарыстың финалында Қазақстан намысын он бес боксшы қорғайды (алтауы ер, тоғызы әйел).


Бүгінгі шаршы алаңға шығатын боксшылар жұбы:


60 кг (ерлер) Алексей Хаванцев (Қазақстан) - Сагар Джахар (Үндістан)
57 кг (әйелдер) Аяжан Ермек (Қазақстан) - Феруза Шарипова (Өзбекстан)
60 кг (әйелдер) Толғанай Касымхан (Қазақстан) - Никита Чанд (Үндістан)
67 кг (ерлер) Төрехан Сабырхан (Қазақстан) - Мухаммадазизбек Исмоилов (Өзбекстан)
71 кг (ерлер) Өнер Сеилхан (Қазақстан) - Прияншу (Үндістан)
66 кг (әйелдер) Ұлдана Таубай (Қазақстан) - Дина Сантыбек (Қытай)
75 кг (ерлер) Санжарәлі Бегалиев (Қазақстан) - Рахул Кунду (Үндістан)
70 кг (әйелдер) Мария Сидоренко (Қазақстан) - Алимире Абудурейиму (Қытай)
80 кг (ерлер) Мадияр Бексұлтанов (Қазақстан) - Мухаммадазиз Закиров (Қырғызстан)
75 кг (әйелдер) Шұғыла Налібай (Қазақстан) - Рудрика (Үндістан)
86 кг (ерлер) Иманғали Нұрпеис (Қазақстан) - Акмалжон Исроилов (Өзбекстан)
81 кг (әйелдер) Аружан Зейноллаева (Қазақстан) - Хуши Пуния (Үндістан)
81+ кг (әйелдер) Панар Сейтханкызы (Қазақстан) - Собирахон Шахобиддинова (Өзбекстан).