Кәсіпқой рингте жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Бобиржан Момыновтың (12-0, 8 КО) кезекті жекпе-жегінің датасы белгіленді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sports.kz-ке сілтеме жасап.
BoxRec.com. ақпараты бойынша, Бобиржан 27 наурызда Екатеринбургте (Ресей) өтетін бокс кешіне қатысушылардың бірі болады. Ол жартылай орта салмақтағы IBF Baltic бос чемпионы атағы үшін Украинаның жеңіліп көрмеген өкілі Эдуард Скавинскиймен (13-0, 7 КО) кездеседі. Жекпе-жектің форматы – он раунд.
Момыновтың соңғы айқасы 2020 жылдың 27 қыркүйегінде қазанда (Ресей) өткен еді. Онда ол төрешілердің көпшілік даусымен ресейлік Вагинак Тамразяннан (17-8, 5 КО) басым болып, жартылай орта салмақтағы IBF Eurasia чемпионы бос атағын жеңіп алды.
Скавинский өзінің алдыңғы жекпе-жегін 12 қыркүйекте сол Екатеринбургте өткізді – ол беларусь Дмитрий Атроховты (16-8, 7 КО) жеңген болатын.