#
#
Сейсенбі 11/08/2020

Блокпостардың алынуы: Қазақстандықтар қалыпты өмірге қайтып келе ме?

  • 29.05.2020
  • 0
  • 361

1 маусымнан бастап Қазақстан қалалары арасындағы блокпостардың алынуы қазақстандықтардың қалыпты өмірге қайтып келетінін білдіре ме? Бұл сұраққа Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шынында да біздің қазіргі басты мақсат – елді қалыпты экономикалық белсенді өмірге қайтару. Сонымен бірге азаматтарды осы эпидемиядан қорғауымыз керек. Әйтсе де эпидемияға қарсы шаралар, соның ішінде шектеу шаралары күшінде қалады. Карантиннің бірнеше кезеңі бар. Ел ішіндегі қозғалысты шектеуді алып тастау – аймақтар бойынша коронавирусты жұқтыру жағдайы реттеліп, теңесіп қалғанын білдіреді. Яғни адамдарды ары қарай қозғалыстан шектеудің қажеті жоқ. Әйтсе де ең бірінші кезекте жұмыста, қоғамдық орындар мен көліктерде эпидемияға қарсы шараларды сақтау ережелерінің талабы күшінде болады. Оны сақтанудың маңызы зор», - деді Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook парақшасында «Хабар 24» арнасы тілшісінің сұрағына жауап бере отырып. 

Министрдің айтуынша өкінішке қарай жұмыс орындарында жұмыс берушілердің кейбірі қызметкерлері үшін қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз етпейді. 

«Қоғамдық көліктерде де кейде адамдардың толып тұрғанын көреміз. Маскасыз жүрген адам қаншама. Сауда орындарында да бұл талаптарды сақтамай жүргендер көп. Мұндай жағдайда өте қатаң шараларды іске асыруға мәжбүр боламыз. Ең бастысы – инфекцияның таралуы қаупі азайғаннан кейін карантин тәртібі жеңілдетіліп келе жатқанын түсінуі керек. Алайда инфекция ешқайда құрып кеткен жоқ. Адамдар оның ауыр түріне де шалдығып қалуы мүмкін. Сондықтан оның алдын алудың маңызы өте зор», - деді Елжан Біртанов. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар