19 сәу, 2021 сағат 11:19

Блогер әйел ажалмен ойнаймын деп қайтыс болды

Мысырдың танымал блогері Умм Зияд (Umm Ziyad) өткен жылы сәуір айында өтірік өлгендей болып, отбасының және мыңдаған желі қолданушыларының зәресін ұшырған. Ал тура бір жылдан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Gulf News порталына сілтеме жасап.

Блогер әйелдің өлімі туралы ағасы Хамди хабарлады. Оның айтуынша, Зиядтың үйінде тұрған су жылытқыштан газ шығып кеткен. Содан ауа жетпей, тұншығып қалды. Ол бірнеше күн бұрын хабарласып, өзін нашар сезініп жүргенін де айтты.

Зияд "Умм Зиядтың күнделігі" атты YouTube-арнаны жүргізген. Оған 700 мың адам жазылған. Өткен жылы сәуір айында ол күйеуі мен балаларының реакциясын жазып аламын деп, өтірік өлгендей болған. Артынан видеоны желіге де жүктеді. Ал тура бір жылдан кейін 9 сәуірде қайтыс болды.