#
#
Сейсенбі 13/04/2021

БҚО-да жалған шот-фактура жазып, мемлекетке 77 млн теңге залал келтіргендер сотталды

  • 05.03.2021
  • 0
  • 279

Батыс Қазақстан облысында жалған шот-фактура жазып, мемлекетке 76,9 млн теңге залал келтіргендер сотталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО бойынша экономикалық тергеу департаменті мәлім еткендей, Ю.Джусупов пен Н.Бакирова «Sauda Centre» және «TIM-KAZ» ЖШС атынан басқа кәсіпкерлік нысандарына іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар жөнелтілмесе де, шот-фактура жазумен айналысқан.

Осы іс-әрекеттері арқылы кәсіпкерлік нысандарын салық төлеуден заңсыз босатып, мемлекетке 76,9 млн теңге зиян келтірген.

Орал қалалық сотының үкіміне Ю.Джусупов пен Н.Бакирова ҚР ҚК 28-бабы 3-бөлігіне және 216-бабы 2-бөлігі 2-тармағына сәйкес айыпты деп танылып, сәйкесінше 2 жыл 6 айға және 2 жылға бас бостандықтары шектелді.

Мемлекетке келтірілген зиян толығымен өтелді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар