04 ақп, 2021 сағат 13:15

БҚО-да ер адамды өлтірді деген күдікпен Орал тұрғыны іздестірілуде

Батыс Қазақстан облысында ер адамды өлтірген күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 3 ақпан күні шамамен сағат 16.30-да Ақсай қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен 46 жастағы А. деген ер адамның мәйіті табылды.

Тексеру кезінде оның денесінде зорлықпен өлтірілген белгілер бар екендігі анықталды. Марқұм бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапқа тартылған.

Осы аса ауыр қылмысты жасады деген күдікпен Орал қаласының тұрғыны, 1981 жылғы Антон Гирчук іздестірілуде. 

«Оның жүрген жері немесе күдікті туралы ақпарат білетіндер болса, 102, 8-711-2-98-45-30, 8-711-2-33-10-44 және 8-777-061-03-66 нөміріне хабарласуға болады», деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.