Фото: gov.kz
Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары жемқорлықпен айналысты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Антикор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасарына қатысты тергеуді аяқтаған.
Ол «Аqjaiyq» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасарына оның сенім білдірілген адамдарымен жұмысты нақты орындамай-ақ өтеулі қызметтер көрсетудің жалған шарттарын жасасу туралы заңсыз нұсқау беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікке ілінген.
"Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке айтарлықтай зиян келтірілді.
Күдіктіні процессуалдық ұстау кінәні толық мойындауға байланысты қолданылмады. Қылмыстық іс жеделдетілген тәртіппен аяқталып, сотқа жолданды.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі" - делінген ведомство хабарламасында.