Фото: tccb.gov.tr
Режеп Тайып Ердоған "өте күшті" және елді басқаруды жалғастырады. Бұл туралы Түркия президенті әкімшілігінің коммуникациялар басқармасы басшысы Фахреттин Алтун мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Ыстамбұлда сөйлеген сөзінде Алтун Ердоған елді әлі ұзақ уақыт басқаратынын, президенттің денсаулығы туралы қауесет саяси мақсаттарды көздейтінін айтты.
"Президенттің денсаулығы туралы осындай қауесеттер мен жалған ақпарат арқылы саяси шындықты өзгертуге тырысады. Біздің президент өте күшті, энергиясы толы және әлі ұзақ уақыт бойы елді басқаруын жалғастырады", - деді ол.
Еске салайық, 26 сәуірде Ердоған тікелей эфир кезінде өзін жайсыз сезінген болатын.