16 қыр, 2019 сағат 12:09

Бізде полиция қызметкерлері жетіспейді – Тұрғымбаев

Қозғалыс көп болатын аумақты патрульдік полиция неге қадағаламаған? Бұл сұраққа Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгінгі таңда бізде жол полициясы жоқ. Патрульдік полиция ғана бар. Көліктердің кептелісі өздеріңіз білетіндей, кез келген қалада, барлық жерде болады. Қаланың ішінде де, сыртында да... сағат 17.00-19.00 аралығында азаматтардың көбі жұмыстарынан шығады, балабақша мен мектептен балаларын алып қайтады. Бізде полиция қызметкерлері жетіспейді. Сондықтан біз тек мектептер мен балабақшалардың жанында, үлкен көшелердің қиылысында патрульдік полицейлерді қоямыз», - деді Ерлан Тұрғымбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, кеше Шамалған станциясында пойыз бен автобус соқтығысқан болатын. Алдын ала болжам бойынша, автобус темір жолдың релсіне шығып кеткен.