03 сәу, 2020 сағат 15:37

#BizBirgemiz: Ақтөбеде дәрігерлерге үш мезгіл ыстық тамақ жеткізілді

Ақтөбелік кәсіпкер дәрігерді үш мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында «BizBirgemiz» акциясы жүріп жатыр. Партия мүшесі, ақтөбелік кәсіпкер облыстық клиникалық инфекциялық аурухана қызметкерлеріне ыстық тамақ жеткізіп берді. 

«Мен бұрын хирургия саласында еңбек етіп, ота жасадым. Ақ халаттылардың жұмысы қиын, еңбегі зор екенін білемін. Елде төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап өңірдегі дәрігерлер де кезекшілікке шықты. Олар отбасынан жырақта, ауруханада жүр. Сондықтан мейрамхана ұжымы үш мезгіл ыстық тамаған әзірлеп, көмек берді», - дейді кәсіпкер Бану Тілегенова. 

Айта кетейік, «BizBirgemiz» акциясы аясында «Жас Отан» ЖҚ еріктілері көмегімен облыстағы мыңға жуық отбасына азық-түлік және антисептик таратты.