Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ХАМАС ұсынған атысты тоқтату шарттарын қабылдамады. Ол Газа секторында бірнеше айда жеңіске жететініне сенімді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" BBC-ге сілтеме жасай отырып.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ХАМАС ұсынған шарттар бойынша Газа секторында атысты тоқтатудан бас тартты. Ол сондай-ақ АҚШ-тың Газада тез бітімге келу әрекетін жоққа шығарып, шайқастардың жалғасатынын айтты.
Нетаньяхудың айтуынша, Израильдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалғыз жолы – ХАМАС-ты толық жеңу. Премьер-министр жеңістің күн жақын екенін және бірнеше айдың ішінде қол жеткізуге болатынын баса айтты. Ол Израиль қорғаныс күштерінің Газа секторының оңтүстігінде операция бастау туралы бұйрық алғанын растады.
"ХАМАС-ты жоюдан басқа балама жоқ. Әйтпесе ХАМАС-тың азаматтық үкіметі әскери жеңіліссіз құламайды", – деді ол.