19 мау, 2020 сағат 10:21

«Біз Сізбен қашан да біргеміз!»: Назарбаев Университетінің Президенті Елбасыға хат жолдады

Назарбаев Университетінің ұжымы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа коронавирус індетінен жылдам сауығып кетуді тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Назарбаев Университеті және «Júsan» компаниялар тобы атынан хат жолдаған. Өз сөзінде Шигео Катсу Елбасына үнемі қолдау көрсеткені үшін Назарбаев Университетінің студенттері, оқытушылары, бүкіл қауымдастығы атынан алғысын білдірді және «Júsan» компаниялар тобымен бірлесіп, шын көңілден зор денсаулық, қажымас күш-қуат, ұзақ ғұмыр тіледі.

«Өткен жылдың желтоқсан айында Қытайда басталған, жергілікті денсаулық сақтау мәселесі болып көрінген COVID-19 індеті бірнеше апта мен айдың ішінде апатты ауқымдағы жаһандық індетке айналып, қоғамдағы және елдер арасындағы өзара іс-қимыл сипатын дереу өзгертті. Өте жұқпалы COVID-19 физикалық әлеуметтік қатынастарды тоқтатуға және олар осалдана бастаған кезде адамдардың оқшаулануына әкелді. Пандемия әлеуметтік жаратылыс ретіндегі адамдардың табиғатын бұзады және адамзаттың негізіне зиянын тигізеді», – делінген хатта.

Шигео Катсу өз хатын: «Біз Сізбен қашан да біргеміз!» деп аяқтаған.