06 там, 2021 сағат 20:56

Біз қазір эпидахуалдың шарықтау шегінде тұрмыз – Бекшин


Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қала тұрғындарын карантин режимін бұзбауға шақырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Біз қазір бұған дейін айтылған эпидахуалдың шарықтау шегінде тұрмыз. Осыған дейін 3-4 тамызда тәулігіне аурудың 1 600 жағдайы күтіледі дегенбіз. Осы аптада 1 558, 1 570 жағдай анықталды, болжам іс жүзінде сәйкес келді. Біз одан әрі өсімді болдырмауға тырысамыз, дегенмен біздің болжамымыз шілде айының соңында мынадай болды: тамыздың ортасында 1 900 жағдайға дейін күтіледі дегенбіз. Егер ештеңе жасамасақ, өсім одан да көп болуы мүмкін», - деді ол. 

Бас санитар қала тұрғындарын шектеу шараларын сақтауға, тәртіпті ұстануға және төсек орындардың толуына жол бермеуге шақырды. 

Оның айтуынша, соңғы аптада Алматыда күніне ауру жұқтыру деңгейі 1,6 мыңға жуық жағдайға тұрақтанып, КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай нашарлаған. 28 шілдеден бастап КВИ-дің тәуліктік тіркелуі 1,5 мыңнан асып, шілде айында 25 544 және биылғы жылдың басынан 89 035 жағдайды құрады.

«Алматыда COVID-19-дың британдық нұсқасынан туындаған эпидемияның үшінші толқыны 8-20 маусым аралығында (плато 11 күн) тұрақталған соң және 20 шілдеден кейін «дельта» штамының таралуынан кейін 25 күні эпидемияның төртінші толқыны басталды, оның шарықтау шегі іс жүзінде биылғы жылдың 30 шілдесінен басталады, тәулігіне шамамен 1,5 - 1,6 мың жағдай тіркеліп отырды. Тамыз айының соңына қарай ауру төмендеп, КВИ жағдайларын апталық тіркеу 12 мың жағдайға дейін өседі деп болжануда», - деді Бекшин.