13 қаз, 2022 сағат 13:31

Біз Азияның дамуы мен гүлденуін қолдаймыз – Путин


Ресей президенті Владимир Путин Азияда жаңа күштер нығайып келе жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Путин АӨСШК алтыншы саммиті жаһандық саясат пен экономиканың өзгерген тұсында өтіп жатқанын атап өтті.

"Әлем шын мәнінде көпполярлы әлемге айналды. Азия басты рөл ойнай бастады. Бұл жерде жаңа күштер нығайып жатыр. Азия өңірінің елдері әлемдік экономикалық арнаның локомотиві саналады", - деді Путин АӨСШК алтыншы саммитінде.

Ол Азия өңірінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Оңтүстік Шығыс Азия елдері қауымдастығы, Еуразиялық экономикалық одақ сияқты интеграциялық бірлестіктер жұмыс істейтінін айтты.

"Барлық осы процеске Ресей де белсене қатысып жүр. Біз Азияның гүлденуі мен дамуын, өзара сауда және инвестициялық ынтымақтастықты, экономиканың түрлі салаларында кооперациялық байланыстарды тереңдету үшін кең ашық кеңістік құруды қолдаймыз", - деді Путин.