02 мам, 2018 сағат 09:23

Биылғы пітір садақа мөлшері бекітілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшерін бекітті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Төралқа мүшелерінің бірауыздан қабылдаған шешіміне сәйкес, биылғы пітір садақа мөлшері 300 теңге болып бекітілді. Айта кетейік, былтыр да пітір садақа осы мөлшерде болған еді. 

Пітір садақаны бидайдан бөлек, құрманың, мейіздің, арпаның құнымен де беруге болады.

Егер пітір садақаны бидаймен беретен болсаңыз, әр адам үшін жарты сағ. Ал жарты сағ 1 келі 625 граммға тең. Ақшамен есептегенде (әр аймақтың бидай бағасына қарай) 1 келі 625 граммның құнын беру керек. Құрма, мейіз, арпадан да бір сағтың (3,25 кг) құнын беру қажет.

Биыл Рамазан айы мамырдың 16-сы басталып, 14 маусымда аяқталады. Маусымның 9-нан 10-на қараған түні — Қадір түні.