22 қыр, 2020 сағат 13:52

Биылғы бидай бағасы қанша?

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 2020 жылғы өнім астығына сатып алу бағаларын белгіледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ бидайды сатып алу бағаларын сапасына қарай 83-87 мың теңге дәлізінде, яғни 4-сыныпты бидайға - 78 мың теңге, 2-сыныпты арпаға - 50 мың теңге деңгейінде белгілеген.

«Сатып алу бағасы форвардтық сатып алу бойынша қайтару үшін және бидайды тікелей сатып алу үшін белгіленген. Азық-түлік корпорациясы биылғы бағдарламаны орындау нәтижелері бойынша 2021 жылы форвардтық сатып алу бағдарламасын іске асыру бойынша тиісті ұсыныстар енгізетін болады», - делінген таратылған хабарламада.