08 қыр, 2020 сағат 11:10

Биылғы 8 айда Қазақстанның теңіз порттары арқылы 3,8 млн тонна жүк тасымалданды

Биылғы 8 айда Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы 3,8 млн. тоннадан астам жүк тасымалданды.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішке тең, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, жүк көліктері мен контейнерлерге тиеуде өсім байқалады. Отандық сауда флоты 8 айда Каспий теңізіндегі порттар арасында 1,5 млн тонна жүк, оның ішінде Ақтау-Баку фидерлік желісі бойынша шамамен 9 мың бірлік контейнер тасымалдады.

«8 айда ішкі су жолдары бойынша жүк тасымалдау көлемі шамамен 1,3 млн тоннаны құраса, оның шамамен 200 мың тоннасы Ресей бағытында тасымалданды»,-делінген хабарламада.