04 мам, 2021 сағат 11:44

Биылғы 1 тоқсанда химия өнеркәсібіндегі өндіріс 14,2% - ға өсті – министрлік


Биылғы жылдың 1 тоқсанында химия өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 14,2%-ға өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Өндіріс көлемінің артуы: 

- жіңішке тартылған фосфор шикізаты 15% - ға (212 100 тоннадан 244 800 тоннаға дейін);

- фосфор қышқылы 6% - ға (8 667 тоннадан 9 205 тоннаға дейін);

- натрий триполифосфаты 48%-ға (5 085 тоннадан 7 529 тоннаға дейін);

- аммофос 2%-ға ( 102 595 тоннадан 104 660 тоннаға дейін);

- азықтық трикальцийфосфат 321% - ға (1 380 тоннадан 5 805 тоннаға дейін);

- натрий бихроматы 127%-ға (1 353 тоннадан 3 077 тоннаға дейін);

- металлургиялық хром тотығы 5% - ға (6 317 тоннадан 6 625 тоннаға дейін);

- хром сульфаты 1%-ға (2 630 тоннадан 2 664 тоннаға дейін);

- пигментті хром тотығы 55% - ға (1 332 тоннадан 2 059 тоннаға дейін);

- тұз қышқылы 5%-ға (10 071 тоннадан 10 571 тоннаға дейін) дейін артты.