15 там, 2021 сағат 20:05

Биыл жеті айда Қазақстанда 7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері өндірілді


Биыл жеті айда Қазақстанда 7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері өндірілді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Биылғы жылғы қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша 7,2 млн тонна мұнай өнімдері өндірілді, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 112%-ды құрайды», - делінген министрлік мәліметінде.

Осы орайда автобензин бойынша көрсеткіш 2,7 млн тонна, яғни, былтырғы сәйкес кезеңіне 107,3%-ды құрады.

Өндірілген дизель отынының көлемі 2,8 млн тонна, бұл 2020 жылдың жеті айының көрсеткішімен салыстырғанда 109%-ды көрсетті. 

«Әуе отыны бойынша көрсеткіш 323 мың тоннаны, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 127,7%-ды құрады. Мазут өндірісіне тоқталсақ, оның көрсеткіші 1,4 млн тоннаны құрады, яғни былтырдың сәйкес кезеңіне 125% құрап отыр. Сонымен қатар, есепті кезеңде битум өндірісі 556 мың тоннаға жетті, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 102,5 пайызды қамтыды. Тұтастай алғанда, мұнайгаз-химия өнімдерінің көлемі 84,5 мың тоннаны құрады, бұл есептік езеңнің жоспарына 100%-ды құрайды», - деп аталып өткен ведомство хабарламасында.