Фото: gov.kz
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен өткен кеңесте жазғы туристік маусымның қорытындысы шығарылды. Жиынға облыс әкімдерінің орынбасарлары мен өңірлік басқарма басшылары қатысты. Бұл туралы Туризм жəне спорт министрлігі хабарлады.
"Биыл туризм тақырыбы бірнеше рет көтеріліп, кеңінен талқыланды. Өкінішке қарай, әрдайым оң нәтиже бола бермеді. Мемлекет басшысы курортты өңірлерді жазғы туристік маусымға дайындық деңгейінің қанағаттанарлықсыз екенін атап өтті. Президенттің тапсырмасы бойынша бірқатар курортты өңірге тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде қажетті жағдайларды ұйымдастыруда елеулі кемшіліктер бар екенін анықталды", – деді министр.
Осы жылы еліміздің 8 ірі демалыс аймағында, атап айтқанда, Баянауыл, Катонқарағай, Каспий теңізі жағалауы, Балқаш пен Алакөл көлдері (Алакөлдің Абай және Жетісу облыстарындағы жағалауы), Қапшағай және Щучье-Бурабай курортты өңірлерінде кешенді түгендеу жүргізілді.
Талдау нәтижесінде инженерлік инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, бейберекет сауданы реттеу, жағажайларды аймақтарға бөлу, электрмен үздіксіз жабдықтау, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау және құтқару бекеттерінің санын көбейту қажет екені белгілі болды.
Талдау қорытындысы бойынша, құтқарушылар санын арттыру, құтқару бекеттерін заманауи жабдықпен қамту, инспекторлардың тұрақты кезекшілігін ұйымдастыру және су көлігіне бақылауды күшейту ұсынылды.
Жергілікті атқарушы органдардың туризмді дамытуға арналған шығындары – 1 млрд теңге (+72%). Бұған мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы, әкімшілік ғимараттарды ұстау, коммуналдық төлемдер кіреді.
Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыруға – 0,9 млрд теңге (+49%). Мұнда халықаралық форумдар мен көрмелерді өткізу, шетелде роуд-шоулар мен маркетингтік науқандар қамтылуы ықтимал.
Туристік саладағы кәсіпкерлер шығындарын өтеуге – 0,7 млрд теңге (+28%).
Щучинск–Бурабай аймағының туристік имиджіне – 0,4 млрд теңге (+44%).
Жалпы алғанда туризмге бағытталған шығындар айтарлықтай өссе де, мемлекеттік бюджет құрылымындағы үлесі өте төмен – 0,04% ғана (2024 жылы – 0,03%).
2025-2028 жылдарға арналған курортты өңірлерді дамыту жөніндегі Жол картасының жобасын әзірледі. Жобаға 141 іс-шара енгізілген. Сондай-ақ жобаны жүзеге асыру республикалық және жергілікті бюджеттерден және жеке инвестиция есебінен қаржыландыру көзделген.
