15 там, 2021 сағат 18:50

Биыл елімізде қанша электр энергиясы өндірілді?


ҚР Энергетика министрлігі 2021 жылғы қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша энергия өндіру көрсеткіштерін жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Есепті кезеңде 66,2 млрд кВт.сағат электр энергиясы өндірілді, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 107,7% құрап отыр. Екінші тоқсанның қорытындысы бойынша жаңартылатын энергия көздері нысандары өндірген электр энергиясының көлемі 2,03 млрд кВт.сағ құрап отыр, былтырдың сәйкес кезеңіне қарағанда 142% құрады», - делінген министрлік мәліметінде. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, көрсетілген кезеңде мұнай және конденсат өндіру көлемі 49,8 млн тоннаны құрап, жоспар 99% орындалды. Теңіз жобасында аталған кезеңде 15,9 млн тонна мұнай өндірілді, жоспар 100 пайызға атқарылды. Қарашығанақ жобасының көрсеткіші 6,9 млн тоннаны құрады, бұл көрсеткіш биылғы жеті айдың жоспарына қарағанда 95,1%-ды қамтыды.