03 нау, 2021 сағат 15:08

Биыл елімізде қанша адамға КВИ-ге қарсы вакцина салынады?

Биыл 6 млн адамға КВИ-ге қарсы вакцина салынады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау басталды. Бірінші кезеңде ресейлік «Спутник V» екпесі сатып алынды. Қысқа мерзімде Қарағанды фармацевтика кешені базасында «Спутник–V» вакцинасының өнеркәсіптік өндірісі жүзеге асырылды. Отандық тауар өндірішінің жеткізілімдері кестеге сәйкес жүргізілді», - деді бірінші вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде. 

Сонымен қатар ол биыл сәуір айына «QazCovid-in» отандық өндіріс вакциянасын пайдалану жоспарланғанын атап өтті. 

«Осы арқылы 2021 жылы 6 млн адамға екпе салдыруды жоспарлап отырмыз. Иммунопрофилактика үшін IT-технологилар мүмкіндігі кеңінен пайдаланылып келеді», - деді Марат Шоранов.