30 жел, 2019 сағат 06:53

Биыл «Астана» қаржы орталығында қандай жобалар іске асырылды?

Елімізде әр жылды қорытындылап, жетістіктер мен табыстарды бағалау дәстүрге айналған. Егер «Астана» халықаралық қаржы орталығының осы жылғы жұмысын қорытындылайтын болсақ, негізгі көрсеткіштеріндегі ауыз толтырып айтарлық жетістіктерін атауға болады.

Мәселен, АХҚО алаңы арқылы қатысушы компаниялар қазірдің өзінде түрлі қазақстандық жобаларға жалпы сомасы 130 млн доллардан асатын инвестиция құйып үлгерген екен. Сонымен қатар АХҚО жаһандық қаржы орталықтары рейтингіндегі (GFCI) позициясын нықтап, 10 қатысушының арасында 51 орынға шығып отыр.

Ал АХҚО-ның бір жылдағы жұмысының толыққанды қорытындысы жайында сөз қозғасақ, компания өтіп бара жатқан жылда әлемнің 35 елінің 350-ден астам компаниясы үшін хабқа айналды. АХҚО қатысушылараы банк ісі, қор нарығы, активтерді басқару, жеке банкинг, исламдық қаржыландыру, кредиттік рейтингтер иемдену қызметі сынды экономика салаларында қызмет атқарады. Орталықтың қатысушылары қатарына China Construction Bank, Altyn Bank, Венгрия экспорт-импрот банк, Қытай даму банкі сынды банктер, ірі брокерлер, активтерді басқару жөніндегі компаниялар бар.

Шетелдік компанияларды АХҚО алаңында оқшаулау ағылшын құқығы принциптерімен жұмыс істейтін ереше құқықтық режімге, үздік халықаралық стандарттарға негізделген тәуелсіз реттеу ортасына, шетелдік инвесторлар үшін мәмілелерді құрылымдау түрлері түсінігіне, сонымен қатар қатар әлемге танылған стратегиялық серіктестердің қолдауымен АХҚО Astana International Exchange (AIX) биржасы ұсынатын қызметтерге сеп болады.

2019 жылы АХҚО Соты мен Халықаралық арбитраж орталығы Орталық Азиядағы ең алғашқы eJustice электрондық сот төрелігі жүйесін - онлайн-порталды іске қосты. Ол тараптарға АХҚО мен ХТО сотына электрондық түрде әлемнің кез келген нүктесінен Нұр-Сұлтанға келіп қатысусыз талап-арыз беруге мүмкіндік жасайды. АХҚО Соты мен Халықаралық арбитраж орталығы Еуразия, Азия және Еуропадағы дауларды шешу жөніндегі жетекші орталықтармен ынтымақтастық туралы 17 меморандумға қол қойды. 2019 жылы АХҚО мен ХАО ескертпелері дауларды шешу үшін басымдыққа ие форум ретінде 1 300-ден астам келісімшартқа қосылды. Келісімшарттар саны АХҚО мен ХАО қызметтеріне сенім мен қызығушылықтың артып келе жатқандығын дәлелдейді.

АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу комитеті комитеті жұмыс істей бастады. Әлемдік санаттағы толыққанды реттеуші ортасы құрылды. Атап айтқанда, АХҚО-да қаржы және нарықтық қызметтің шамамен 30 түрін, сонымен қатар жанама қызметтердің 5 түрін жүзеге асыруға болады. Қаржылық қызмет үшін инновациялық орта да қалыптасып келе жатыр. АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу комитеті шектеулі режимде ауыртпалықты реттеу талаптарын болдырмау мақсатында жаңа қаржы қызметтері мен технологияларды тестілеу, сонымен қатар реттеу технологияларымен (RegTech) байланысты мәселелер бойынша білім алмасу үшін мамандандырылған реттеуші ортасын - ҚаржыТехЗертхананы іске қосты. Аталған зертанада 18 компания қызметтің алуан түрлерін көрсету үшін лицензияланды. Ол қызметтердің қатарында цифрлық активтерді басқару, краудфандинг, инвестицияларды басқаруды автоматтандыру (Robo-advisory), исламдық қаржыландыру мен факторинг сынды бағыттар бар.

АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу комитеті өңірде ең бірінші рет инвестициялық және заемдік краудфандинг мәселелері бойынша реттеу шараларын әзірледі. Краудфандинг қаржы тартудың балама банктік емес әдісі ретінде танымал болып келеді. Ол алдағы уақытта Қазақстанның және өңірдің экономикалық дамуы үшін айтарлықтай рөлге ие болмақ. Инвестициялық және заемдік краудфандингті реттеу АХҚО-ның маңызды бағыттарының бірі - АХҚО-ның нормативтік-құқықтық базасын әзірлеу, инвесторларды қорғау және нарықтың тұтастығы шараларын сақтау арқылы көшбасшы қаржы орталықтарының салалық әрі тәжіриелік жаңа бағыттарына сәйкес қаржы секторында инновацияны дамытуға жәрдемдесудің жүзеге асырылуы болмақ.

АХҚО Биржасы - Astana International Exchange (AIX) жұмыс істей бастаған сәттен үш мәселе шешімін тапты. Бірінші - бүкіл әлемде 60-тан астам биржа қолданатын тұғырнамамен бірдей инфрақұрылым, технологиялық тұғырнама құрылды. Екінші - арнайы нормативтік-құқықтық база құрылды, ол - жалпы ағылшын құқығы деп аталатын құзірет. Үшінші - қазақстандықтардан бөлек, Ресей, Еуропа елдері, Қытай брокерлерінен тұратын брокерлік желі құрылды. AIX алаңында өткен алғашқы сауда-саттықтан бері 1 жылдан сәл асатын уақыт өтті және биржа қалыптасқан құрылымының жұмыс істейтіндігін көрсете алды.

AIX алаңында сауда-саттық «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының ІРО-ға шығуымен басталды және Қазақстан жаһандық инвесторлар сенім артатын жақсы орта мен реттеуші құрылымды қамтамасыз ететіндігін көрсетіп берді. 2019 жылдың сәуірінде алғшақы шетелдік эмитент ресейлік «Полиметалл» тау-кен компаниясы болды. AIX пен Лондон биржасында «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының 4 пайыз акциясы қайта орналастырылып, жергілікті және халықаралық инвесторлар тарапынан үлкен сұранысты иеленді. Бүгінгі күні АХҚО Биржасының ресми тізімінде 23 түрлі эмитеттің 36 шығарылымы бар. 17 қазақстандық және 9 халықаралық брокер АХҚО Биржасының сауда мүшесі саналады.

 

АХҚО қаржы қызметтері мен активтердібасқару саласында сауатты мамандардың болуына да тікелей мүдделік танытып отыр. Үздіксіз білім беру бюросы (BCPD) жанынан HR Nerve Centre құрылған. Бүгінгі күні АХҚО-да тіркелген компанияларға арналған сауатты мамандардың кадрлық резерві 10 мың адамды құрайды. АХҚО Бюросы ел университеттері жанынан құзіреттілік орталықтарын ашқан. Қазіргі уақытта Алматымен Нұр-Сұлтан қалаларындағы жоғары оқу орындарының базасында 9 алаң табысты жұмыс істеп тұр.

АХҚО жасанды интеллекті, блокчейн, үлкен мәліметтер және оларды өңдеу, сонымен қатар түрлі еледрдің ақпараттық қауіпсіздігі салаларындағы технологияларды қамытуға нарық қатысушыларын тарту бойынша да жұмыс жүргізіп келеді. Қазіргі уақытта АХҚО құзіретіне 50-ден астам технологиялық, АКТ және қаржылық-техникалық компания тіркелген. Олардың инвестициялық белсенділігі 17 млн доллардан асып отыр.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының тағы бір табысты жүзеге асырылған жобасы Эскпат орталығының іске қосылуы саналады. Бұл ТМД елдерінде баламасы жоқ орталық болып есептелінеді. Аталған орталық қызметі Қазақстандағы барлық шетелдік сарапшылар мен инвесторларға қолжетімді.

Өтіп бара жатқан 2019 жылы АХҚО Экспат орталығы өз қыметін одан ары дамыту және ұсынылатын қызметтер спекторын кеңейту бойынша жұмыстарды еңсерді. Шетелдік инвесторлар мен сарапшылар үшін жүргізуші куәлігін рәсімдеу және автокөліктерді тіркеу бойынша қызметтер қосымша енгізілді. «Қазақ Инвест» АҚ-пен табысты ынтымақтастықтың арқасында АХҚО Экспат орталығында «бір терезе» қағдиатымен шетелдік инвесторларға қолдау көрсету және сүйемелдеу жұмысыұйымдастырылды. Орталық жұмыс істеген екі жылдың ішінде 5 700 қызмет көрсетті.