Фото: Almaty.tv
«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметінше, ақылы жолдар бүгінде қаражат жинаудың құралы ғана емес, жол саласын тұрақты қаржыландырудың тиімді тетігіне айналып отыр. Бұл модель жолдардың сапасын арттыруға және олардың деңгейін тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Ult.kz.
Компания ақылы автожолдардың өз-өзін толық қамтамасыз ететін жүйе екенін атап өтті. Себебі мұндай жолдарды күтіп-ұстауға бюджеттен қаржы бөлінбейді. Қажетті қаражат тек жол пайдаланушыларынан түскен төлемдер есебінен қалыптасады.
Бұл тәсіл қаржы ағынының тәуелсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етіп, жол қауіпсіздігі мен қызмет көрсету сапасын жоғары деңгейде сақтауға мүмкіндік береді.
