Биыл Абайдың «Қара сөздеріне» негізделген деректі фильм көрерменге жол тартады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Өздеріңіз білесіздер, жыл сайын сценарийлер конкурсы өткізіледі. Биыл да сценарийлер конкурсы өтіп, түрлі жанрдағы, ұзақтығы әртүрлі фильмдер, деректі фильмдер, қысқаметражды фильмдерге қатысты бірнеше жоба ұсынылды. Бүгінгі күні Абайдың «Қара сөздеріне» негізделген деректі фильм жобасы іріктеп алынып, қолдау білдірілді. Ол сапалы жоба болатындығына сенім артамыз», - деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның айтуынша, биылғы жылдың екінші жартыжылдығында аталған фильмнің премьерасын тамашалаймыз.