17 мам, 2021 сағат 13:55

Биыл 4,5 мыңға жуық деструктивті интернет-контент анықталды


Биыл 4,5 мыңға жуық деструктивті интернет-контент анықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Деструктивті интернет-контенттің балаларға ықпалын шектеуге бағытталған нақты жұмыс та жүргізіліп жатыр. Осы жылдың өзінде порнография тарататын, экстремизмді, есірткіні, зорлық-зомбылықты насихаттайтын, қару-жарақ сатуды көздейтін 4,5 мыңға жуық шетелдік заңға қайшы интернет ресурс анықталды», - деді комитет төрағасы Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихаты барысында. 

Комитет басшысы ақталған ақпараттардың барлығы «Киберқадағалау» арнаулы ақпараттық жүйесіне енгізіліп, қазақстандық қолданушылар үшін бұғатталатындығын айтты. 

«Аталған ресрустардың 1143-і бұғатталды. Олардың қатарында порнографиялық материлдар тарататын - 1 031, экстремизмді насихаттайтын - 94, есірткіні насихаттайтын 8 ресурс бар. Сонымен қатар 10 интернет казино қызметіне тосқауыл қойылды», - деді Мұрат Баймұқашев.